Араб шейхтары ақтөбеліктерге сыйлық жөнелтті
Ораза айт мерекесі қарсаңында Біріккен Араб әмірліктерінің "Қызыл ай" қоғамы ақтөбелік мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Араб шейхтарының атымтай жомарттық танытып отырғаны-бірінші рет емес. 2007 жылдан бері асыраушысынан айрылған балаларға ай сайын 50 доллар көлемінде жәрдемақы беріп келеді. Бүгінде көмекті 172 бала алып отыр. Біріккен Араб Әмірліктерінің қазақстандықтарға ерекше көңіл бөлгендігі көңілге күдік ұялатпауы тиіс дейді Нұрлан Үдербай. Керісінше, біздің іскерлерге үлгі боларлық іс екенін айтты. Ораза айт қарсаңында оралман отбасыларының балаларына киім-кешек берілді. Мұнан бөлек азық-түлік таратылды. Әр дорбада ұн, қант, күріш, қарақұмық бар. Құны 7500 теңгенің азық-түлігі 25 отбасына үлестірілді. |
Количество показов: 2932
Дата создания: 17.08.2012 18:58:36