Арқанкерген оқиғасына бір жыл
Арқанкерген оқиғасына бір жыл. Еске сала кетсек, былтыр 28 мамырда аталған шекара қосынында 14 шекарашы мен қорықшының өлі денесі табылған болатын. Қапелімде сарбаз ұлдарынан көз жазып қалған ата - аналар осы күндері Арқанкергенге жиналып, ас беріп жатыр. Қайғыдан қабырғалары қайысқан жанұялардың пікірі ортақ. Олар қырғынды жасаған Владислав Челах екеніне күмән келтірмейді. Ал қылмыскер туралы халық пікірі әлі күнге дейін екіге жарылып тұр. Қанды оқиғаның бір жылдығына орай, Үшарал қаласында ертең белгі тас орнатылады. Қапелімде сарбаз ұлдарынан көз жазып қалған ата - аналар осы күндері Арқанкергенге жиналып, ас беріп жатыр. Ескерткіш әскерилер мен ел азаматтарынан жиналған қаражатқа жасалған. Биіктігі бір метр 70 сантиметр болатын мемориалдық тасқа мемлекеттік тілде "Әскери міндетін атқару кезінде қаза болған шекарашыларға арналады" деп жазылған. Оның жанына 2 метрге жуық шекара бағанасы қойылады. Алакөл аудандық әкімдігі таратқан ақпаратта ескерткіштің ашылуына қаза тапқан барлық шекарашылардың туыстары қатысады делінген. Марқұм ақтөбелік сарбаз Қамбар Ағанастың ата - анасы да аттанып кетті. Мамырдың 11- і күні қайғылы отбасы Қамбардың жылын өткеріп, құран бағыштады. Бір жыл бұрын ұлдарын қара жер қойнына тапсырғанымен, зор өкініш пен шер қатты жүректерінде. Шекарашылардың өліміне кінәлі деп танылған сарбаз Владислав Челах өмір бойына бас бостандығынан айырылып, қазір жазасын арнайы абақтыда өтеп жатыр. Айта кетейік ертең Үшаралдағы ескерткіш тақта орнату шарасына Челахтың анасы Светлана Ващенко да қатыспақ. |
Количество показов: 1982
Дата создания: 28.05.2013 18:14:29