Қарғалы ауданында 3 қатарлы үй құлағалы тұр
Қарғалы ауданында 3 қатарлы үй құлағалы тұр. Cәтпаев көшесіндегі №62 үйдің қабырғаларын су шайып кеткен. Кірпіштері үгітіліп, жерге түсіп жатыр. Шатырынан ылғал ішке енуде. Суды тұрғындар шелектеп сыртқа тасып, әлек. Қысқа тұйықталған электр сымдарынан өрт шығуы мүмкін. Үш қабатты тұрғын үй осыдан 28 жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде бір де бір жөндеу көрмеген. Терможаңғырту бағдарламасымен үйді күрделі жөндеуден өткізу тұрғындар үшін 10 миллион теңгеге шығады. Қарызға берілетін қаражат мемлекетке қайтарылуы тиіс. Яғни, ортақ соманы 28 пәтерге шаққанда, әр пәтерге 300 мың теңгеден тиесілі. Жұмыссыздар мен зейнеткерлер, бала күтімімен отырған аналар үшін бұл проблеманың оңтайлы шешімі емес. |
Количество показов: 2198
Дата создания: 14.03.2013 19:45:29