Қарғалы қалалық ауруханасында жаңа стационарлық бөлім ашылды
Бұл аудан тұрғындарының көптен күткен жаңалығы. Себебі дәл осы ауруханаға Есет батыр тұрғындар алабы, Қарғалы ауданы, Украинка, Қызылжар ауылдары қарайды. Бұған дейін тұрғындар белгілі бір маманға қаралу үшін қалаға қатынауға мәжбүр болатын. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Қарғалы қалалық ауруханасында жылына 4000 ға жуық ота жасалып жүр. Жаңа ғимараттың ашылуымен мұндағы медициналық қызмет спекторы кеңейеді,-дейді ақ жағалылар. Ультра дыбыстық зерттеу, электро кардиограмма, өкпені жасанды желдету аппараттары бар. Тұрғындар томографиядан өту үшін енді қалаға сабылмайды, ауруханаға МРТ құрылғысы да әкелінді. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа аурухананың ашылуы науқастарды сапалы емдеуге жағдай жасайды. Мұнда флюрография, ренгенография, маммография кабиенеттерінен бастап, процедуралық ем қабылдайтын кабинет және басқа да медицина саласының мамандары қабылдайды.Количество показов: 324
Дата создания: 15.06.2024 05:49:00