Аптап ыстық басылмай тұр
Ақтөбеде аптап ыстық басылмай тұр. Күні кеше ауа температурасы +37 градусқа дейін барып, адамдарды әбігерге салды. Әсіресе, мұндай ауа райы қан қысымымен ауыратын адамдар үшін қиын. Тұрғындар аптап ыстықта үйде отырып, сақтану керек екенін айтты. Ыстық әлі басылар емес. Ыстық күндері адамдар үйде отырған жөн. Далаға шыққан кезде міндетті түрде жазғы қалпақ, панама, орамал кию керек. Күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр болғаны да абзал. Суға келетін болсақ қатты салқын су ішуге болмайды. Бұл тамақ ауруына алып келеді. Тәулігіне кеміне 1,5 литр су ішу қажет. Шаһарда алдағы күндері жаңбыр күтіледі.Алдағы күндері ауа температурасы сәл төмендеп, ыстық басылады деп болжанып отыр.Количество показов: 328
Дата создания: 19.06.2024 07:24:32