Қандыағаш қаласының тұрғыны Бинура Жұмабаева күйеуі үшін соттан әділдік сұрайды
Қандыағаш қаласының тұрғыны Бинура Жұмабаева соттан әділдік сұрайды. 29 жастағы келіншектің күйеуі Асхат Жұмабаев қаңтар айынан бері қамауда отыр. Сотталушыға қатысты соңғы үкім мамыр айында шыққан. Сот шешімімен келіспеген Бинура Жұмабаева апелляциялық шағым түсірген. Бүгін қайта қаралған істе сот шешімі өзгеріссіз қалды. Асхат Жұмабаев адам пышақтап өлтіргені үшін 8 жылға сотталды. Марқұмның отбасына 9 млн теңге моралдық шығын өтейді. Оқиға қаңтар айының 2-сі күні болды. Қонақта бірге болған қос азамат сөзге келіп қалған. Бинура Жұмабаеваның айтуынша, үйлеріне қайтқаннан кейін де ішімдік ішіп алған Жандос Еңсеген ашуын баса алмай жолдасы екеуіне алма кезек хабарласады. Түнгі мезгілде мазалай берген соң ұялы телефондарын сөндіріп тастайды. "Оның үйге іздеп келетінін білген жоқпыз. Есікті қоймай қаққандықтан жолдасымның сыртқа шығуына тура келді. Соттың "қасақана өлтірді" сөзін "абайсызда өлтіріп алды" деген тіркеске өзгертуін сұраймын дейді келіншек. Алған жарақатынан көп қан жоғалтқан Жандос Еңсеген жедел жәрдем келгенше жан тапсырады. Марқұмның артында 4 баласы қалды. Жұбайы Гүлсая Бисенғали жолдасы көз жұмғанда төртінші баласына жүкті болған. Қырқынан шықпаған баласын көтеріп бүгін сот алдына келді. Жас келіншек бақилық болған жұбайының артынан Асхат Жұмабаевтың жары мен туысқандары небір қауесеттер таратып жүргеніне ренішін білдірді. Қаншама рет кешірім сұрап келгенмен кешіре алмапты.
Іс сотта бес ай қаралған. Соңғы шешім мамыр айында оқылған. Судья Жандос Еңсегенді екі жерден пышақтаған Асхат Жұмабаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы қатаң режимде жазасын өтейді.
Бір-бірінің сөзін көтере алмай, артын төбелеске ұластырған қос азаматтың екеуінің де өмірі күйреді. Бірі бақилық болса, екіншісі сегіз жыл арқалап түрмеге тоғытылды. Арттарында кәмелеттік жасқа толмаған балалары қалды.
Количество показов: 630
Дата создания: 17.06.2021 17:55:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>