Ана жүрегі кең
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп жатқан отбасында салмақ алдымен анаға түседі. Мұндай аналар тіпті қоғамнан алшақтап кетуі де мүмкін. Себебі ерекше балалардың аналары арқалап жүрген жүк ауыр. Сондықтан мұндай отбасылардағы әйелдерге қолдау жетіспей жатады, дейді шараны ұйымдастырушылар.Зина Өтебаева да мүмкіндігі шектеулі баланың анасы. Оның перзенті Нарқыз Есімова туылғаннан сал ауруына шалдыққан. Қызым тағдырының қиындығына қарамастан мойыған емес, университетті заң мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтады. Бірақ соңғы екі үш жылда арбаға таңылып үйден шыға алмай отыр,- дейді оның анасы. "Ана жүрегі" деп аталған қайырымдылық шарасында демеушілер мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп жатқан аналарға арнап дастархан жайды. Жалпы облыста 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар, олардығ 5 мыңнан астамы бала.Количество показов: 353
Дата создания: 27.07.2024 06:43:50