Қан қысымының көтерілуі-жүрек ауруларының бастауы
Қан қысымы ойыншық емес. дер кезінде көмек көрсетілмесе адам ажал құшуы мүмкін. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Адамның қан қысымы көрсеткіші бірден өзгергенде ағзаға айтарлықтай зардап тигізетіні белгілі. Ол жоғары қан қысымы болсын, көрсеткіші төмен болсын, адам үшін қауіпті саналады. Қалай болғанда да бүгінде гипертониядан зардап шегетіндердің қатары гипотониямен салыстырғанда, айтарлықтай көп. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің артып бара жатқанын да айтпай кетуге болмас. Бұл дерттен зардап шегетіндер бұрындары тек егде жандардың арасында көп кездессе, қазір жастардың бойынан табылып жатқандығы қауіптендіріп отыр.Басыңыз ауырып, жүрегіңіз айныса, бойыңызда әлсіздік пайда болса дереу қан қысымыңызды өлшеңіз. Адам өміріне қауіпсіз қан қысымының көрсеткіші сынап бағаны бойынша 120 да 80. Қауіпсіздіктің максималды көрсеткіші 140 та 90қауіпті. Егер көрсеткіш бұдан да көтерілсе дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Дәрігердің айтуынша, гипертониялық ақауы бар тізімде тұрған науқастар ай сайын тексеріліп тұрады. Көп жағдайда науқастар өздігінен емханаға келуге жоқ. Сондықтан хабарласып, тексерілуге шақырамыз,-дейді ақ халаттылар. Өйткені, гипертониямен есепте тұрғандар өмір бойы дәрігердің бақылауда болады.Количество показов: 306
Дата создания: 21.05.2024 05:38:19