Амнизия дертіне шалдыққан азаматтың туыстары іздестірілуде
Облыстық жедел жәрдем ауруханасына жасы 30-35-тер шамасындағы белгісіз қала тұрғыны жеткізілген. Жабық ми жарақатын алған жерлесімізді жедел жәрдем қызметі қаламыздың Оңтүстік-батыс ауданынан тауып алыпты. Қазір амнизия дертіне шалдыққан азаматтың ағайын-туыстары іздестірілуде. Аты-жөні белгісіз бұл азаматты жедел жәрдем қызметі осыдан 3 күн бұрын жеткізген. Сол уақыттан бері бейтаныс жанның бірде-бір туысқаны табылмапты. Ал жабық ми жарақатын алып, ұмытшақтық дертіне шалдыққан бұл азамат болса өзінің өткен өмірінен мүлде бейхабар. Қаламыздың Оңтүстік-Батыс ауданынан табылған бұл азаматты дәрігерлердің пайымдауынша белгісіз біреулер соққыға жыққан немесе науқастың өзі құлап, жарақат алуы да әбден мүмкін. Алайда бұл жөнінде әзірге нақты дәйек жоқ. Қазір болған жағдайға байланысты тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Алайда бейтаныс жанның аты-жөнін нақты анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Ол үшін өз есімі есінде жоқ бұл азаматты кем дегенде 3 жақын-жуығы танып білуі тиіс. Сол кезде ғана бейтаныс жанның аты-жөні мен азаматтық құқы қайта қалпына келтіріледі. Жыл басынан бері мұндай жағдай облысымызда бірінші рет тіркеліп отыр. |
Количество показов: 3068
Дата создания: 28.08.2012 19:08:25