Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан кафе анықталды
Ақтөбеде арнайы лицензиясы жоқ алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кафе-мейрамханалар саны азаймай тұр. Сондай заңсыздыққа жол берген дәмханалардың бірін бүгін салық басқармасының қызметкерлері анықтады. Қала шетінде орналасқан бұл кафе осыған дейін спирттік өнімдерді заңсыз саудалап келген. Жыл басынан бері қалалық салық басқармасының қызметкерлері бірнеше қоғамдық тамақтану орындарының жұмыстарын тексеріп, бірнеше заң бұзу деректерін анықтаған. Олардың басым көпшілігі кассалық аппаратқа қатысты. Ал, алкоголь өнімдерін заңсыз сақтаумен және сатумен айналысқан 19 кафе тіркелген. Қазір олардың ісі әкімшілік сотта қаралуда. Сотта айыпты деп табылса ондай заңсыздыққа жол берген кафе-мейрамханалардың иелеріне 30 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. |
Количество показов: 2088
Дата создания: 25.07.2013 18:08:56