Алимент төлеуден жалтарып жүрген 189 ақтөбелікке іздеу жарияланды
Ақтөбеде безбүйрек әкелер көбейіп барады. Статистикаға қарасақ, ажырасудың артып бара жатқанын байқаймыз. Демек, қоғамда алимент мәселесі өзекті деген сөз. Биылдың өзінде баласы алдында берешегі бар 14 мыңнан астам азамат тіркеулі. Сот орындаушылар оның тек 1 214 ін ғана өндіріп алған. Баласы алдындағы парызын орындаудан қашып жүрген 189 ер адамға іздеу жарияланды. Облысымызда 106 сот орындаушы қызмет етеді. Әрқайсысының басында мыңнан асқан атқару парағы бар. Бұл салада маман тапшы. Былтыр 125 борышкерден 132 миллион теңге қарыз өндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген 5 500 ер адам өзін жұмыссызбын деп көрсеткен. Екі қолға бір күрек таппайтын ер адам жоқ. Ең бастысы бала алдындағы борышты өтеу ниеті тұруы керек,-дейді мамандар. Алиментке арыз түскеннен бастап, борышкердің ұялы телефонына хабарлама жіберіледі. 3 ай мерзімнен кейін төленбеген жағдайда, әкімшілік жауапқа немесе 5 күн қамауға алынады, одан кейін қылмыстық іс қозғалады. Бүгінде 20-дан астам ақтөбелікке қылмыстық іс қозғалып, үшеуі сотқа жолданды.Количество показов: 260
Дата создания: 15.05.2024 07:18:28