Алаяқтар квота алып береміз деп оралмандардың қалтасын қағып жүр
Облыста квотасыз оралмандарға квота алып береміз деген алаяқтар шықты. Осылайша олар қандас бауырлардың қалтасын қағып жүр. Алайда тарихи отанынан оралып жатқандарға квота беру 2011-жылдың 21-желтоқсанынан бері уақытша тоқтап тұр. Ал квота отбасыларға үкімет арнайы қаулы етпей берілмейді. Облыстық көші-қон полициясы басқармасы этникалық көші-қон және босқындармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Гүлмира Бексұлтанова теріс пікір қалыптастырып, ақтөбеліктер арасында оралмандарды әуре-сарсаңға салып жүргендер бар екеніне күмәнданбайды. Себебі осында жұмыс жасайтын адамға ақшасын төлеп қойғанбыз, квотамызды бер деп көші-қон полициясы басқармасына міндетсініп келетін оралмандар саны артқан. Бұл өтірік алдап, қандас бауырлардың қалтасын қағып жүрген алаяқтардың ісі. Облыста бүгінде 300-400-дей отбасы квотасыз тұрып жатыр. Соның 184 отбасы өңірімізге биыл қоныс аударғандар. Барлығы 823 адам. Квота көлемі жан басына 150 мың теңгеден. Квота тек отбасына арналғандықтан өзге елден қоныс аударған жалғыз жанға берілмейді. Сондай-ақ квотаға арызды оралман Қазақстан азаматтығын алмай тұрып беруі тиіс. Арызы қабылданғаннан кейін оралман мәртебесі бар адам міндетті түрде Қазақстан азаматтығын алады. Себебі квотаның өзі азаматтық алмай берілмейді. |
Количество показов: 2641
Дата создания: 13.09.2012 19:20:53