Алаяққа іздеу салынды
Полиция аса ірі көлемде алаятық жасаған БҚО-ның тұрғынын іздестіруде. 50 жастағы Нұрбике Бисембаева есімді азаматша өзін "МММ" компаниясының қызметкерімін деп таныстырып бірнеше ақтөбелікті жерге отырғызған. Осылайша әлгі алаяқ алдау жолымен 47 мың АҚШ долларын қолды қылыпты. Өзін "МММ" компаниясының қызметкерімін деп таныстырған Нұрбике Бисембаева алаяқтық әрекетін осы жылдың сәуір-мамыр айларында жүзеге асырған. Аталған азаматша бірнеше ақтөбелікке өзінің банктегі есеп-шотына ақша аударса 40 пайыз пайда табатынын айтып сендіріп, кейін өзі ізім-қайым жоғалып отырған. Қазір полиция қызметкерлері әлгі алаяққа алданған 26 тұрғынды анықтады. Аты аталған азаматша әр адамнан 100-ден 4000 АҚШ долларына дейінгі көлемде ақша алған. Алаяқтың Ақтөбеде басқа 2 сыбайласы да бар болып шықты. Жалған қаржы пирамидасына қатысы бар оның біреуі қаладағы белгілі банктердің бірінде қызмет атқарып келген. Қазір аталған тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жүруде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері аталмыш алаяқтық әрекетке қатысы бар деп танылған Бисембаева Нұрбике Шайзадақызын көрген жандар болса 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды. Алаяқтық әрекетке байланысты тағы бір дерек 10 - желтоқсанда тіркелген. 35 жастағы ақтөбелік азаматша полиция бекетіне хабарласып, өзінің 15 жастағы баласын белгісіз біреудің бопсалап жүргенін айтқан. |
Количество показов: 2401
Дата создания: 14.12.2012 19:05:24