Қаланы ластағандарды ғаламтордан көруге болады
Көшеге қоқыс тастасаң, объективке ілінесің. Жергілікті атқарушы билік тұрғындарды тазалыққа үйретуді қайта қолға алды. Ол үшін қоқысты көрінген жерге тастап кететін тұрғындарды суретке түсіріп, әкімдіктің электронды поштасына жолдау қажет. Шенеуніктер бұл ақпаратты ғаламтор арқылы дүйім жұртқа жариялайды. Қала көшелерін бейберекет ластап жатқандарды көзіңіз шалса, фото немесе бейнекамераға түсіріп, сыйлық алыңыз. Қалалық әкімдік "Таза қала сенен басталады" атты екі айлықты жариялады. Көшені ластап, қоқыс жәшіктерін қиратқан, қоршауларды сындырған немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап жатқан тұрғындар бейнеленген суретке қай жерде түсірілгендігін, мерзімін, болса тәртіп бұзушы туралы ақпаратты қосып, қалалық әкімдіктің chist_aktobe@nur.kz электронды поштасына және www.youtube.cом сайтына жүктеуіңізге болады. Байқау қорытындысы тазалық акциясы аяқталған соң жарияланады. Ең белсенділер бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жергілікті атқарушы биліктің байқау ұйымдастыратын жөні бар. Өткен жылы қолға алынған бастама нәтижелі болыпты. Қала тұрғындарының бейнекамерасына және фотообъектвіне ілінгендердің бейнелері қалалық ішкі істер басқармасына жіберіліп, артынша қаланың тазалығына жүрдім-бардым қарайтындар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілген. |
Количество показов: 2241
Дата создания: 03.04.2013 20:02:58