Қаланың ескі бөлігі жаңарады
Тұрғындар үйлерді терможаңғырту бағдарламасына қатысады. Көне қаланы көркейту Шернияз көшесінен басталады. Осы көше бойындағы 32 көп қатарлы үй күрделі жөнделмек. Бас мердігер "Табыс Ақтөбе" ЖШС-і жалпы қала бойынша 45 үйді осы бағдарлама бойынша жөндеуге келісіп отыр. Тұрғындар терможаңғыртуға жұмсалатын қаржыны 7 жылдан 15 жылға дейін бөліп төлейді. 0,1 пайыз өсімақымен. Ал бас мердігер жөндеу жұмысының сапасына 3 жылға кепілдік береді. Терможаңғырту бағдарламасына қатысу үшін үй тұрғындарының 70 пайызының келісімі болуы шарт.
Термомодернизация бойынша әр үйдің тұрғындарымен жеке жеке жиындар өтіп, жөндеу жұмыстары келісіледі. Ал жалпы Шернияз көшесін жаңғырту жобасын қолға алғандар көшелерді кеңейтіп, жарықтандыруға көңіл бөлген. Жоба жүзеге асып жатса, тротуарлар былай тұрсын, велосипедшілерге де дербес жолақтар пайда болады. Бірақ, оған тұрғындар күмәнмен қарап отыр. Бұл сұраққа нақты жауап болмады. Барлығына да орын табылады дейді құрылысшылар. Көне қалада реновация осы жазда басталуы мүмкін.
Количество показов: 905
Дата создания: 05.03.2020 18:55:48