Қалалық оқушылар сарайына 40 жыл
| Қалалық оқушылар сарайының ұжымы үшін сәуір-мамыр айлары мерейтойға арналған шараларға толы. Қырық жылдық тарихы бар мәдени ошақтың өткені мен бүгінін көрсетіп, болашағын айқындау үшін "Кеше. Бүгін. Ертең" тақырыбында ауқымды көрменің ашылу салтанаты өтті. Оны ұйымдастыруға облыстық көркемсурет және сәндік -қолданбалы өнер музейінің қызметкерлері мұрындық болды. Қалалық оқушылар сарайының "Престиж" сән театры бүгін көрменің көрігін қыздырды. "Алтын адам" киім топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Сән - салтанаты жарасқан сән үлгісінің авторы Иван Осколков. Қалалық оқушылар сарайындағы бейнелеу өнері студиясының түлегі. Көрмеге қатысушылар еліміздің атақты суретшілері Марат Бекеев, Марат Ғабдрахманов, Нұрлан Боранбаев, Дана Шаңгереева сынды басқа да өнер иелерінің осы қалалық оқушылар сарайынан қанаттанғандығын танып білді. "Кеше. Бүгін. Ертең ". Облыстық көркемсурет және сәндік қолданбалы өнер музейінде ашылған көрме осылай аталады. Жиналғандар 1970-90- шы және осы кезеңдердегі балғын суретшілердің еңбегін салыстыра отырып ерекшеліктерін байқауына болады. Көрмені өнерсүйер қауым он күн бойы тамашалай алады. Айта кету керек маусым айында қалалық оқушылар сарайында шығармашылық үйірмелердің барлығы тегін. Мерейтой иелерінің бұл қала жасөспірімдеріне жасаған үлкен сыйы болмақ. |
Количество показов: 2539
Дата создания: 03.05.2013 18:41:31