Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жауапты органдарға көп қатарлы тұрғын үйлердегі жеделсатыларды ретке келтіруді тапсырған болатын. Қаладағы жұмыс істеп тұрған лифтердің жартысы жаңартуды қажет етеді. Биыл 100 жеделсатыны күрделі жөндеу үшін өтінім әзірленген болатын. Бірақ жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Қазір қаладағы 305 көпқабатты үйде 605 лифт бар. Оның 259-ының пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан. Қазір 16 лифт пайдаға аспай тұр. Бұл жеделсатылар шұғыл жөндеуді қажет етеді. Биыл 920 млн теңгеге 100 лифтті күрделі жөндеу бойынша өтінім әзірленген.
Тозығы жеткен жеделсатыларды ауыстыруға түрік инвесторлары ұсыныс білдірген. Алайда олар орнататын құрылғы көлемі тұрғын үйлердің лифт шахтасына сай келмейді. Сондықтан "Qaz-Bel Лифт", "Жігер", "Могилев Лифт Маш" секілді жергілікті кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеу жоспарланған.
Количество показов: 669
Дата создания: 18.11.2020 17:55:52
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>