Қаладағы мектептердің бірінде "Шырша бағы" пайда болды
Бүгін Нұр-Ақтөбе ықшам ауданындағы №60 жалпы білім беретін орта мектеп ауласында "Шырша бағы" пайда болды. Білім ордасының ауласын көгалдандыру жұмысына ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылары да қатысқан. Баққа Глаука-Кебаб тікенді шыршасының 14 түбі отырғызылды. Мұнда көгалдандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Мектеп ауласының сәнін келтіру үшін Глаука-Кебаб тікенді шыршасы таңдалған. Білім ордасының басшылығы отырғызылған 14 түп ағаштың әрбіреуі 26 мың теңге тұратынын айтты."Атаңнан мал қалғанша тал қалсын" деген ұстанымды мақсат еткен көпшілік игі бастамаға дән риза екенін жеткізді. Абаттандыру жұмысына ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Сондай-ақ, білім ошағының көркейуіне үлес қоссам деген оқушылар аз болмады.
Айта кеткен жөн, № 60 жалпы білім беретін орта мектеп 2016 жылы есігін айқара ашты. Күн сайын көркейген білім ордасында қазір 4000-ға жуық оқушы білім алып жатыр.
Количество показов: 664
Дата создания: 22.04.2021 18:08:01
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>