Қаладағы кәріз құдықтары тексерілді
Қаланың кәріз құбырлары бітеліп жатыр. "Ақбұлақ" АҚ оған жеке ассенизаторлық көлік иелерін кінәлайды. Олар шаруашылық және өндірістік қалдық суларды арнайы белгіленген орынға төкпейді. "Ақбұлақ" АҚ басшылығының жеке ассенизаторлық көлігі барларға сөзі өтпей отыр. Басынғаны соншалық, олар тіпті шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды қаланың қақ ортасындағы кәріз құдықтарына төгуді әдетке айналдырған. Жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке шақыруға "Ақбұлақ" АҚ басшылығы оқталған. Бірақ, ол әрекеттерінен ештеңе шықпады. Кәсіпорын тек ескерту қағазын ұсынудан әрі аса алмайды. |
Количество показов: 1951
Дата создания: 05.11.2013 18:45:50