Қалада тағы да газ жоқ
Газ тек өнімді талон арқылы алатындарға құйылады. №38 бағытта жолаушы таситын автобустың жүргізушісі багын қажетінше толтырып алды.
Тәртіп өзгере ме деп үміттеніп, кезекте тұрған жүргізушілер бұған наразы. Олар таңертеңнен бері қаладағы көп бекетті аралап, газ таба алмай жүргендерін айтады. Көлікке құятын сұйытылған газдың жыры жақын күндері бітпейтін секілді. Өйткені, осы аптада осы бекет иесінің кеңсесі тінтіліп, тергеу амалдары басталды. Ол газды шетелге тасымалдамақ болды деген күдікке ілінген екі газ таратушының бірі.
Количество показов: 1546
Дата создания: 07.04.2017 18:35:57