Қалада шегіртке қаптап кетті
Мамандардың айтуынша, тұрғындардың мазасын қашырған жәндіктердің шабуылы бір-екі аптаның ішінде бәсеңдейді. Себебі химиялық улау жұмыстары дер кезінде жүргізілген. Егін салған шаруа қожалықтарына да алаңдауға еш негіз жоқ дейді агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшылығы. Қаланы саяқ шегіртке басып алды. Жәндіктердің қарқыны осы аптада анық байқалды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясындағылар мұны жексенбі күні қаланың сыртында химиялық улау жұмыстары жүргізіліп, кейін жел тұрғандығымен түсіндіреді. Шегірткелер желмен келген. Саяқ шегірткелермен күрес қарқынды жүргізілген. Биыл 60 мың га жерге химиялық өңдеу жүргізілген. Жәндіктің бұл түрі - итальяндық прус деп аталады. Жәндіктің биылдыққа қаптап кетуін мамандар- заңды құбылыс деп қабылдайды.Әрбір 10-12 жыл сайын шегіртке шабуылы қайталанып тұрады. Үйірлі шегіртке дернәсілдерінің жер бетіне шығуы облыста 8 бен 12-ші мамырдың аралығында байқалған. Лезде Ойыл, Байғанин, Темір және Қобда аудандарында химиялық улау жұмыстары басталған. Үйірлі шегірткеден зардап шекпес үшін 552 мың га жер өңделді. Прустан бөлек, егінге қауіпті Азия шегірткесімен күрес те күшейтілген. Алдын ала жоспарланған 7 мың га жерге химиялық өңдеу толықтай жасалған. |
Количество показов: 2472
Дата создания: 26.06.2013 18:39:55