Қалада Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге арналған ескерткіш ашылды
Бүгін қалада Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге арналған ескерткіш ашылды. Шанхай ауданында бой көтерген ескерткіштің лентасын қию рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров қатысты. Ескерткіште ағаш үй ішінде болған жарылыс бейнеленген. Оның құрылысына қаражатты "Парыз" қоғамдық қоры аударған. Жиналғандар сынақ құрбандары туралы естеліктер айтып, ескерткіш алдына гүл қойды. Семей ядролық сынақ полигонының задабын жоюға қатысқан ардагерлерге арналған ескерткіш қаланың көрнекті аумағында орналасқан. Композицияның авторы - Бақтыгерей Жапар. Композиция ядролық полигонның барлық зардаптарын толық аша алған. Бүгін ескерткішке жиналғандар гүл қойып, құрбандардың рухына тағзым етті. Осыдан тура 29 жыл бұрын, қырық жыл бойы ядролық жарылыстардан көз ашпай келген қазақ даласындағы сынақтардың бір күнде тоқтатылуы шын мәнінде үлкен тарихи оқиға болды. Қазақстан ядролық жарылысты тоқтату бойынша әлем елдері арасынан алғашқы болып батыл қадам жасады. Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы шақырым «тәжірибе алаңын» дайындаған. Алаңның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотонна ядролық заряд орнатылып, оның айналасында темірбетон қорғаныштар, бронды мұнаралар бой көтерген. Орталықтан әртүрлі әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар әкелініп, алаңға әскери форма киген адам кейпіндегі сүлделер, азық-түлік салынған жәшіктер қойылды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшін, қуатын зерттеу үшін дайындалды. Ал аталған жұмыстарды жасауда әскери бөлімдер мен ондағы сарбаздардың күші пайдаланылды. Солардың қатарында ақтөбелік сарбаздар да болған деп, бүгін Болат Қасымбаев замандастарын еске алды.
Тарихшылардың айтуына қарағанда, Ақтөбе облысында 11 мыңнан астам адам ядролық сынақтың зардабын жоюға қатысқан. Бүгінде облыста сол азаматтардың 1800-і ғана қалған. Оның ішінде 268 ардагер мүгедектер қатарына кірсе, қалғандары мемлекет тарапынан бүгінге дейін ешқандай қолдау көрмеген. Тек жылына Жеңіс күні қарсаңында 100 мың теңге көлемінде біржолдық материалдық көмек көрсетіледі. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 29 жыл толады.
Количество показов: 838
Дата создания: 17.11.2020 18:26:21
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>