Қалада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Қала аумағындағы бау-бақша ұжымдарында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Бір ай бойы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Шанхай мен Сельмаш, Мәскеу аудандарындағы жер үйлердің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарға жылыту маусымының басталғанда пештерді, газ жабдықтарын, электр жылытқыш құралдарды орнату және оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі. Бүгін қалалық ТЖБ бөлімшелерінің қызметкерлері Шанхай ауданындағы жеке сектор аулаларын аралап өтті. Басқарманың инженері Дина Досжанованың айтуынша, тізім бойынша бүгін 350 үйге ақпараттық парақша таратылуы тиіс. Қағазда «өрт қауіпсіздігі шаралары, жылыту пештері, жылытқыш құралдарын пайдалану ережелері», сондай-ақ «қысқы кезеңдегі жеке қауіпсіздік шаралары, үсік шалу, көк тайғақ, қарлы боран» тақырыптарындағы жадынамалар бар. Мәлімет бойынша өткен 8 айда қала бойынша тұрғын үйлерге байланысты 129 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалыннан 6 адам жанып кеткен. Өрт оқиғаларының саны 2012 жылы 172-ге жетті. Құтқарушылар өрт жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға азайды деп отыр. Жоспарланған өрт қауіпсіздігі айлығы қала аумағында үш ай сайын өткізіліп тұрады. |
Количество показов: 2760
Дата создания: 13.09.2013 18:16:42