Қалада "Мектепке жол" акциясы жалғасып жатыр
Екі тәуліктен соң мектептерде алғашқы қоңырау соғылады. Су жаңа киініп, сөмкелерін оқу құралына толтырып үлгерген оқушылар ұзақ демалыстан соң оқуға асығып отырғаны анық. Ал қолдың қысқалығынан балалары мектепке даяр емес ата-аналар да бар. Аз қамтылған отбасылар үшін "Мектепке жол" акциясы үлкен демеу. Бүгін қайырымдылық шарасы қаладағы №30 және №16 орта мектептерде өтті. №30 орта мектеп басшылығы бүгін 38 баланы киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Оған 170 мың теңге жұмсалған. Бұл қаражат мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың күшімен жиналыпты. Заттай көмек көрсеткен ата-аналар да бар. №16-шы мектептің табалдырығын биыл алғаш аттайтын бірінші сынып оқушыларына демеушілер мен мектеп ұжымы оқу құралы, киім-кешектер тарту етті. Аз қамтылған отбасы балаларының да сабаққа қажетті дүниелері түгенделді. |
Количество показов: 3218
Дата создания: 29.08.2012 19:31:24