Қалада күн батареясының қосалқы бөлшектерін шығаратын цех ашылуы мүмкін
Қалалық әкімдік жанындағы инвестициялық комиссия бүгін 12 өзекті жобаны талқыға салды. Қала әкімі Ерхан Омаров бастаған комиссия назарына ұсынылған жобалардың арасында өндірістік база, бөдене фермасы, жылыжай кешендерінің құрылысы бар. Жеке кәсіпкерлер жобаларын қорғап, атқарушы билік тарапынан жер бөлуге ұсыныс айтты. Комиссияның талқысына ұсынылған жобалардың бірі - "Актеп" шаруашылығына тиесілі. Шетелден әкелінген ангус тұқымды мүйізді ірі қараны өсіретін серіктестік сатылымға шығарылатын ет сақтайтын орын ашуды жоспарлап отыр. Бұл ірі қараның бір ерекшелігі- асыл тұқымды мал күніне 1,5 кг салмақ қосады. Нысанның іске қосылуымен, облыс халқы арзан етке қарық болады дейді шаруашылық өкілдері. Жобаның құны- 450 млн теңге. "Актептіктер" атқарушы биліктен арнайы орын үшін Сазды селолық округі маңынан 5 га жер бөлуді сұрады.
Ақтөбенің күн батареяларын орнатуға қажетті жабдықтар шығаратын өз цехы болатын күн алыс емес. Біздің өңір үшін тың инновациялық жобаны "РАУЛАН" ЖШС-гі қолға алмақшы. Жобаны ерекше деудің өзіндік себебі бар. Бүгінде әлем елдері көмір, мұнай, табиғи газ секілді бұрыннан пайдаланып келген энергия көздерінен гөрі күн, жел қуатын пайдалануға көшті. Үнемділік жағынан да, экологиялық тазалық жағынан да пайдасы көп. Алайда, қымбатқа түседі. Кәсіпкер Еркетай Нұртазиннің айтуынша, күн батареясын орнатуға қажетті тіреу, арнайы жақтауларды өзіміз шығаратын болсақ, әлдеқайда арзанға түседі екен. Қала тұрғындары үшін "экзотикалық ас" саналып келген бөдененің еті мен жұмыртқасы қала дүкендерінің сөресінен табылып, көрші облыстарға да шығарылатын болады. Жергілікті кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен өз кәсібін кеңейтуді жөн санап отыр. Цехта 2500 құс бар. Бөденелері күніне 200 мың дана жұмыртқа басып шығарады.
|
Количество показов: 2124
Дата создания: 04.04.2013 19:26:25