Қалада "Ер Едіге" жыр мектебі ашылды. Жыраулық дәстүрді кеңінен насихаттауды көздейтін мектептің ашылу салтанаты бүгін Қазақстан Халқы Ассемблеясы өтті. Ауқымды шараға жыршы-жыраулар, дәстүрлі әншілер мен термешілер қатысты."Ер Едіге" жобасы Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласының "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы" бағыты бойынша жүзеге асуда. Ауқымды жобаға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қолдау білдірген. Аға буын өкілдері алдағы уақытта жыр мектебі қасиетті өнер иелерінің көшін жалғайтын талантты жыршыларды тәрбиелейтініне сенім білдіретінін жеткізді. Айта кетейік, жыраулық өнерді үйренемін деген әр жанға мектеп есігі айқара ашық. Күй тартып, айтыс өнерін меңгерсем деген талабы болса баланы 7 жастан да қабылдайды. Бұдан бөлек кәсіби өнер иелері де мұнда сабақ алуға қызығушылық танытып отырған көрінеді.
Айта кетейік, "Ер Едіге" жыр мектебіне белгілі жыршы Демеубай Жолымбетов жетекшілік ететін болады. Ал жас өрендер жырдың түрлі бағыттары бойынша Әділбек Сарин, Нұрбек Сансызбаев сынды жыршылардан тәлім алады.
Количество показов: 660
Дата создания: 16.03.2021 21:57:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>