Қалада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Келушілерге 18 мекеме, кәсіпорындардан барлығы мыңнан аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс берушілер есепші, жүргізуші, дәнекерлеуші, жол жөндеу саласының мамандарын іздейді. Ұсынылған жалақы да қомақты, 80 мыңнан 200 мың теңгеге дейін. Жәрмеңкеге қатысқан қала басшысы Асхат Шахаров тұрғындармен тілдесті. Қаладағы жұмыссыз азаматтар есебінде тұрғандар еңбек етуге аса ынталы емес. Жылына 8-9 мәрте өткізілетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде екі қолына бір күрек таппай жүргендерге ұсынылатын қызметтер саны көп. Ұйымдастырушылар үш айға созылған карантиндік режимге байланысты бос жұмыс орындары көбейгенін алға тартты. Жұмыс бар, бірақ істегісі келетін азаматтар табылмай отыр. Тіпті мекемелер мамандық игермеген азаматтарды кәсіби оқытып алуға да қарсы болмай шықты. Жәрмеңкеге қатысқан 18 мекеме мыңнан аса бос жұмыс орнының тізімін жариялаған. Ер азаматтарға аула сыпырушы, дәнекерлеуші, электрик мамандықтары бар. Камаз жүргізуші, жол саласының мамандарына сұраныс жоғары. Ұсынылатын жалақы да көңілден шығады. 150 мен 250 мың теңге аралығында. Ал әйелдерге аспаз, есепші, кеңсе қызметкері жұмыстары ұсынылған. Жалақы 80-150 мың теңге аралығында. Бүгінгі ашық аспан астындағы жәрмеңкеге қатысқан қала басшысы Асхат Шахаров жұмыс берушілерден осы жалақы мәселесін сұрады.
Орталықтағылар жұмыссыз азаматтар есебінде тұрғандар еңбек етуге аса ынталы емес дегенді алға тартады. Бос жүрген азаматтар жалақы көлеміне қанағаттанбайды. Бүгінгі таңда орталыққа жұмыссыз ретінде 1600 ақтөбелік тіркелген. Бұл сан көп жылдан бері азайған емес.
Количество показов: 788
Дата создания: 12.06.2020 18:53:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>