Қалада "Бизнеске арналған үкімет" ашылды
"Қазына" бизнес орталығының 1-қабатында орналасқан "Бизнеске арналған үкіметтің" ашылу рәсіміне облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, жоба жұмысын бастап берді. "Бір терезе" қағидаты бойынша бір жерде қызмет көрсететін жоба алты аймақтан тұрады. Олар: цифрлық қызмет аймағы, сүйемелдеу аймағы, қаржылық қолдау және құзыреттілік аймағы, сондай-ақ, өткізу мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары. Сабина Жанұзақова қаладағы танымал жас дизайнер. Ол ұлттық киімдер тігуді бес жылдан бері кәсіп қылып келеді. Жеңіл өнеркәсіп саласын дамытып жүрген ол, қазіргі пандемияға, карантиндік дағдарысқа қарамастан бизнесі жақсы дамып келе жатқанын, өнімдері сұранысқа ие екендігін айтады. Болашақта кәсіп алаңын кеңейтіп, жаңа жұмысшылар алуды көздеп отыр. "Бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерге қызмет көрсетудің жаңа форматын қолдану кәсіпкердің еңбек шығындарын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бизнес-процестердің мерзімдері қысқарады және қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру жеңілдетіледі. Айта кетейік, "Бизнеске арналған үкімет" Сәңкібай батыр даңғылы 22 "К" мекен-жайында орналасқан "Қазына" бизнес орталығының 1-ші қабатында.
Количество показов: 809
Дата создания: 17.09.2020 20:55:52