Қалада бес тұрғын үй ауыз сусыз отыр
Өткен мереке күндері қаламыздың бірнеше жерінде су құбыры жарылып, жауапты мекеме өкілдері тыным көрмеді. Ал бүгін таң атқалы Уәлиханов, Жанқожа батыр, Кереев көшесі бойындағы бес тұрғын үй ауыз сусыз қалды. Арнайы техника жеткенше де біраз су ысырап болды. Оның үстіне аяздан көктайғақ қалыптасты. Енді тұрғындар үшін сусыз отырғанымен қоймай ауланы айналып өтудің өзі мұң. Дегенмен "Ақбұлақ" АҚ -ның жұмысшылары апаттан зардап шеккен баспана иелерін кешке дейін сусыз қалдырмаудың әрекетін жасап жатыр. Жауапты мекеменің бас инженері Нұрлан Елтаевтың айтуынша, барлық апаттардың басты себебі- шойын құбырлар тозған. Сондықтан қысы - жазы "Ақбұлақ" жұмысшылары тәулік бойы шақыртуларға сақадай саймыз дейді. Қаланың ескі бөлігінде болған апатты жойып, тұрғын үйлерге су жіберу мәселесі бүгін шешілуі тиіс. Төтенше оқиға орнында қазір мекеменің апаттық бригадасы жұмыс жасап жатыр. |
Количество показов: 2204
Дата создания: 19.12.2012 18:29:20