Қалада қаңғыбас иттер қаптап жүр.
Мәскеу ауданының тұрғындары балаларға қауіп төніп тұрғанын айтып шағымдануда. Кешқұрым айнала тас қараңғы . Көшеде жарық жоқ. Кешкілік сабақтан қайтатын балаларды мектептен алып келуге өзіміз бармасақ болмайды. Бірнеше рет балаларымызды ит талай жаздады. Абырой болғанда ересектер көріп қалып, құтқарып қалды, дейді "Екпінді" көшесінің тұрғындары. Әлеуметтік желіде де қалада қаңғыбас иттердің қаптап кеткендігі туралы мәселе талқыланып жатыр. Тіпті бұралқы иттер адамға шаба бастады. Полициядан көмек жоқ, тұрғындар арызданғанымен, нақты шара қолданбайды ешкім. Есесіне тал түсте қала көшелерінде бірінің артынан бірі шұбырып жүрген топ-топ иттерді көруге болады деп жазуда қала тұрғындары. Әлеуметтік желіде тұрғындардың жазбаларына жауап берген облыстық ветеринария басқармасы өкілінің пікіріне қатысты да дау туындай бастаған. Басқарма өкілі егер ит талау деректері орын алса, арнайы мамандар жіберілетінін айтқан. Ал, тұрғындар болса, шара қолдану үшін адам жапа шегуі тиіс пе екен дегендей пікір қалдырған.Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай жаңа жылдан бері 2 мыңға жуық қаңғыбас иттің көзі жойылды деп отыр. Бауырластар, Сазды мен Қызылжар, Есет батыр ауылдарындағы көшеде босып жүрген иесіз иттер ауланған.Басқарма басшысы енді өзге де аудандарды бұралқы иттен тазартамыз деп отыр.Количество показов: 427
Дата создания: 22.01.2024 20:25:19