Қалада 9 спорт алаңы пайдалануға берілді
Спорт күні қарсаңында қалада осындай 9 спорт алаңы пайдалануға берілді. Жаңа нысанды облыс және қала әкімдері аралап көрді.№2 мектептің жанынан бой көтерген алаңқайдың ашылу салтанатына қатысқан облыс басшысы Архимед Мұхамбетов «Былғары доп» турниріне қатысып жатқан балғын футболшыларға сәттілік тіледі. Балалардың жасыл алаңдағы аяқ алысына "Ақтөбе" футбол командасының капитаны Самат Смақов пен қорғаушы Юрий Логвиненко баға берді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тек футболға ғана емес, алдағы уақытта кәсіби және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Алдағы уақытта шағын қалаларда, аудан орталықтарында осындай спорт нысандарын тұрғызу және облыс орталығында спорт мектеп-интернатын ашу жоспарда бар. Спорт алаңдарына жасанды жабынды төселген. Алдағы уақытта дәл осындай 27 спорт алаңы ашылмақ. Жаңа оқу жылына дейін дайын болады дейді спорт шенеуніктері. Жергілікті қазынадан осы мақсатқа 205 млн теңге қаражат аударылған. Жаңа спорт алаңы барлық талаптарға сай. Жасанды көгалдың түгі 40 мм. Жан-жағы тормен қоршалған. Мұнан бөлек, 50 метрлік бассейн іске қосылып, хоккей алаңы жасалуда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов елбасының тапсырмасына орай, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына өз спортшымызды аттандыру мәселесі де назардан тыс қалмақ емес. Ол үшін арнайы спорт мектеп-интернатын салып, білікті мамандар тарту қажет деді,-облыс басшысы. Қазір спорттық нысандармен қамтылу жөнінен біздің облыс Астана мен Алматы, Қарағанды мен Қостанай облыстарынан кейінгі орында тұр. Облыста 59 спорт түрімен айналысуға арналған 1500-ға жуық нысан бар. |
Количество показов: 2737
Дата создания: 20.08.2012 19:00:15