Қалада 30 мың тұрғынға 1 емхана қағидасы сақталмай отыр
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясы өтті. Депутаттар 2012 жылғы қала бюджетінің орындалу есебін, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын талқылады. Қалалық бюджет өткен жылы бес мәрте қайта қаралып, бекітілген. Бүгінгі қалалық мәслихаттың сессиясында қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айжан Абдуллаева халық қалаулыларына қазынадағы қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалғанын баяндады. Өткен жылы білім беру саласына айрықша көңіл бөлінді. Жергілікті және облыстық бюджеттен бөлінген 10 млрд теңгеден астам қаражат жаңа мектеп пен балабақшалардың құрылысына жұмсалған. Биыл тағы да 5 білім беру нысаны пайдаланылуға беріліп, екі орта білім беру мекемесінің қазандығы жөнделеді. Заречный-4 елді мекенінде мың орындық, 12 Б шағын ауданында 600 орындық, Құрашасай ауылында 150 орындық мектептердің құрылысы жалғасып жатыр. 2010 жылдан бері еліміздің денсаулық сақтау саласында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жаңашылдық ретінде енгізілгені белгілі. Соған сәйкес, тұрғынғдарға ем-дом жүргізетін дәрігерді таңдау еркіндігі берілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әсет Қалиевтің айтуынша, мұндай мүмкіндікті 218 қала тұрғыны пайдаланып отыр. Медицина саласы жаңашылдыққа бет бұрғанымен, кемшін тұстар әлі де бар. Мұны шенеунік те жоққа шығармайды. Мысалы облыста, денсаулық сақтау саласының нормативі бойынша 30 мың тұрғынға-1 емхана қажет болса, бізде мысалы қаладағы №2 емхана 108 мың тұрғынға қызмет етеді. Емдеу мекемесі ғана емес, дәрігерлер де-тапшы болып отыр. Әсіресе, акушер-гинеколог пен педиатрлар жетіспейді. Облыста бүгінде 167 емдеу-алдын алу мекемесі бар. Оның ішінде 32-сі аурухана, 135-і амбулаториялық-емхана мекемесі. |
Количество показов: 2189
Дата создания: 12.06.2013 18:54:33