Қала қоқыстан тазарып болған жоқ
Қала жаз мезгілі басталғанша қоқыстан тазарып болуы тиіс. Бұл үшін тазалық маусымына көпқабатты тұрғын үйлер топтасқан пәтер иелері копперативтері де тыңғылықты атсалысуы қажет. Осылай деген шаһар басшысы Ерхан Омаров санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалап отырған штаб мүшелеріне де нақты тапсырмалар берді. Қалада жүріп жатқан сенбіліктен еш нәтиже жоқ. Нақты айтқанда қала әкімі тазалық жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді. Пәтер иелері копперативтерінің төрағалары жұмыстарын нақты атқармайды. Әсіресе 11 мөлтек аудандағы тұрғын үйлердің ауласы сын көтермейтін күйде. Кеңесте баяндама жасаған қала әкімі аппаратының қала инфрақұрылымын дамыту мониторингі бөлімінің басшысы Аслан Махатовтың дерегіне сәйкес, Әбілқайыр хан мен Әлия Молдағұлова даңғылы, Маресьев, Ломоносов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында құрылыс заттары мен жапырақ қалдықтары үйіліп тұр. Дегенмен 27 наурыздан бері қаланы қалыпқа келтіру жұмыстары да біраз атқарылған. Мәселен өткен сенбіде ұйымдастырылған сенбілікке 100-ден астам колледж оқушысы жұмылдырылыпты. Сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Ғазиза Жұбанова көшесінен бесінші мөлтек аудандағы көпірге дейінгі аралықтағы орман алқабын күл-қоқыстан тазалаған. Тазалық маусымына 28 колледждің оқушылары мен 8 жоғары оқу орнының студенттері шығып үлгерген. Олар қаладағы гүлзар, саябақтарды, айналма жолдарды тазалаған. Жыл басынан бері аула маңы мен саябақтарда рұқсат етілмеген жерге қоқыс лақтырған 300 ақтөбелік жауапқа тартылды. Дәлірек айтқанда 88 жерлесіміз 3 тәулікке қамалған. Айта кету керек, Ақтөбе қаласында тазалық жұмыстары тек қана екі ай ғана емес жаз бойы жүргізіледі. Жауапты 10 мекеме облыс орталығындағы барлық мемлекеттік мекемелердің маңын тазартады. |
Количество показов: 2140
Дата создания: 16.04.2013 18:45:56