Қала мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Сыңғырлаған соңғы қоңырау № 21 мектеп-гимназиясында бүгін ерекше соғылды. Үш тілде оқытатын білім ордасын 1457 оқушы бітіруде. Ал, 1-4 сыныпта 678 оқушы білім алады. Төменгі сыныптарға арналған соңғы қоңырауда ән шырқалып, би биленді. Сабақтарын тек қана беске бітірген үздіктер мақтау қағаздарымен марапатталды. 7 жастағы Даниал Сәрсенғали үш тілде оқытатын № 21 мектеп-гимназиясының 1-ші сыныбын үздік аяқтап тұр. Математика пәніне жүйрік балғын болашақта ұшқыш болуды армандайды. 6 жасында мектеп табалдырығын аттаған жеткіншекті қазірден бастап еліміздің технология саласының кенжелеп дамып келе жатқаны ойландырады. Болашағынан зор үміт күттіретін Даниал Қазақстан алдағы жылдардан бастап көлік құрастырып, ұшақ шығарса екен деп армандайды. Соңғы қоңырау мерекесіне жиналған ата-аналардың қуанышында да шек жоқ. Олар әр түсті шар ұстап, балаларына қолдау көрсетуге келген. Гимназияның директоры Маржанкүл Тойшыманованың айтуынша, жыл санап бірінші сыныпқа алынатын бүлдіршіндердің қатары көбейген. Мәселен алғашқы сыныпты бітірген 6 класта 25-30 оқушыдан оқып шыққан. Мектептен биыл 7 оқушы "Алтын белгіге" ұсынылған. 1 оқушы "Ерекше аттестат" иегері болудан үмітті. 9 сыныпты төрт оқушы үздік аяқтағалы отыр. Айта кетерлігі, бұл мектептен 7-8-9 сыныптағы үздік оқитын біраз оқушы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға ауысқан. |
Количество показов: 2429
Дата создания: 24.05.2013 17:34:31