Қала әкімі жылу маусымына дайындық барысын пысықтады
Әбілқайыр хан даңғылында жүріп жатқан жөндеу жұмыстары 1-ші қазанда толықтай аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерхан Омаров "Жаңа жылыту мауысымына дайындық барысы туралы" мәжілісте айтты. Қала әкімі коммуналдық қызмет басшыларына дайындық жұмыстарын аяқтау, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді уақытылы жылумен қамту жөнінде нақты тапсырмалар берді. «Трансэнерго» АҚ-ы 210 шақырым жылу желісіне, 23 қазандық, 10 сорғы бекеті мен 79 жылу пункттеріне жылу береді. Биыл 13,4 шақырым жылу құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Қазір жұмыстың 90 пайызы аяқталуға жақын. Қаладағы 64 мектептің 16-сы газбен, біреуі электр қуатымен, қалған 48-і орталық жылу жүйесімен жылытылады. Бір белгілі болғаны, Әбілқайыр хан даңғылы бойында жөнделіп жатқан 700 метрдей құбырға 137 млн теңге бөлінген. Жөндеу Тургенев, Қонаев көшелерінде де басталып, жыл соңына дейін аяқталмақ. |
Количество показов: 2355
Дата создания: 11.09.2012 19:26:37