Әлеуметтік желілердегі тұрғындардың шағымы бойынша бүгін қала әкімі Асхат Шахаров бірнеше нысанды аралап көрді. Қалада 22 субұрқақ бар. Оның 14-і істен шыққан, ал 6-уы түбегейлі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Аталмыш субұрқақтардың іске қосылуына жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінген. Алайда мердігерлік ұйым жөндеуді жүргізбеген. Салдарынан субұрқақтар саябақтардың сәнін кетіріп тұр. Мәселен, орталықтағы мына үлкен субұрқақтың дәл осылай тұрғанына биыл үш жыл болған. Тұрғындардың көп сынына ұшыраған тағы бір нысан Махамбет Өтемісов көшесі. Мұнда 2018 жылдан бері жасалуы керек жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Асхат Шахаров жауапты басшылар мен мердігер ұйымға қатаң ескерту жасап, жөндеу жұмыстарын тез әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Ақтөбеде автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 651 шақырым. Оның 300-іне асфальт жабыны төселген. 97 көшеде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 2020 жылы қалаға жалғас елдімекендер мен қала маңындағы 171 шақырым жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 13,9 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл 2170 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Количество показов: 733
Дата создания: 09.07.2020 19:16:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>