Қала әкімі жөнделіп жатқан жол, құрылыс нысандарын аралады
Қала әкімі Ерхан Омаров бүгін бірнеше құрылыс нысанын, жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылап өтті. Ең алдымен шаһар басшысы "Батыс-2" ықшам ауданын техникалық қызметпен қамтамасыз ететін "Табыс Ақтөбе" ЖШС қызметкерлерімен тілдесті. Осы аудандағы №15 тұрғын үйдің айналасын көркейту жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты. Сондай - ақ Ерхан Омаров №11 мөлтек аудан аумағынан салынатын су ағарлардың қорытынды жобасымен танысты. Уәлиханов көшесіндегі жөл жөндеу жұмыстары да басты назарда болды. Ерхан Омаровтың айтуынша, тұрғын үйлердің ауласын асфальттау жұмыстарына енді айрықша мән беріледі. 2009- жылдан бері 262 аула толық жөндеуден өтті. Алайда жобалаушылардың қателігінен жөндеу көрмегені де бар. Бір көшедегі кәсіпкерлік нысандар, дүкендер желісіне тиесілі ғимараттардың қасбеті біркелкі түспен боялуы тиіс. Қала басшысы Заречный елді мекенінде қараша айынан бері жүріп жатқан мектеп құрылысына куә болды. Мердігер компания "Ақтөбе Электросеть" ЖШС өкілдерінің айтуынша, бір ауысымда 1000 орынға арналған нысан жыл аяғында тапсырылады. Құрылысшылар ғимараттың іргетасын, кірпішін қалауды бастады. Әзірше жұмыс жоспары 25 пайызға орындалды. |
Количество показов: 2287
Дата создания: 23.08.2013 19:09:49