Қала әкімі инвестициялық жобалармен танысты
Алдағы үш жылда 12 мыңнан астам шаһар халқын жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен орталықтар ашылуы мүмкін. Бүгін қала әкімі Ерхан Омаровтың қатысуымен бірқатар инвестициялық жобаларды қарау сұрақтары бойынша кезекті комиссия отырысы өтті. Кәсіпкерлер өз жоспарларын іске асыру үшін биліктен жер телімін сұрады. Кеңес отырысында құны 3 млрд 565 млн теңгелік 600 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін әр жобаның маңыздылығы сөз болды. Өңір экономикасына салмақты үлесі бар кәсіпорындар одан әрі кеңейіп, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүдделі. Өз қызметтері туралы он алты серіктестік және орталық өкілдері слайдттық материалдарын ұсынды, шығаратын өнімдерінің құндылығын, сұранысқа сай екендігін дәлелдеуге тырысты. Таныстырылған инвестициялық жобалардың бірі- газ блоктарын шығаратын зауыт құрылысы. Егер жүзеге асса, болашақта 200 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер зауыт жұмысшыларының 30 пайызы нәзік жандылар болатындығына сенімді. Жол сапасын жақсарту мақсатында заманауи асфальт- бетон қоспасын шығаруға ниетті "КТП- Транс" ЖШС- гі өндірістік кешен салуды жоспарлап отыр. Инертті материалдарды сақтауға қосымша қойма қажет. Биліктен қолдау күткен өндіріс ошақтарының бірі осы кешен. Алдағы үш жылдың ішінде өңірімізде әйнек шығаратын өндірістік нысан бой көтеруі мүмкін. Шикізат Ресейден, Еуропадан әкелініп, Ақтөбеде өңделеді. Үздік технологиямен жасалатын әйнектер энергия үнемдеу үшін тиімді дейді жобаны ұсынушылар. Сондай - ақ жоба мақұлданса, денсаулық сақтау саласында тың өзгеріс болады. Жасанды бүйрек аппараты көмегіне жүгінетін бірінші топ мүгедектері үшін қолайлы. Жобаны ұсынушы компания ақысыз медициналық көмек көрсетуге дайын. Тәулігіне алпыс адам осы аппаратты пайдаланады. Сондай - ақ орталық аппарат басқара алатын мамандарға кәсіби білім беруді көздеп отыр. Кеңес отырысында өнеркәсіп саласында жеті, әлеуметтік сала бойынша бір, көтерме- бөлшек саудада екі және денсаулық сақтау саласында бір жоба кеңінен талқыланды. Кәсіпкерлердің барлығы да өз жоспарларын іске асыру үшін биліктен жер телімін сұрап отыр. |
Количество показов: 1965
Дата создания: 12.07.2013 18:06:07