Қала әкімі Ерхан Омаров журналистерді марапаттады
Бүгін қала әкімі Ерхан Омаров БАҚ- ның кәсіби мерекесі күні бір топ журналистердің еңбегін ерекше атап өтті. Барлығы он бес телерадиокомпания, басылым тілшілері марапатталды. Шығармашылық иелеріне шаһар басшысы жылы лебізін білдіре отырып, қаланың мәдени- саяси өміріне сүбелі үлес қосып жүрген жандарға сый-құрмет көрсетті. Шаһар басшысы марапаттаған журналистер арасында әріптестеріміз "Рика ТВ" телекомпаниясының қазақ бағдарламасы бөлімінің редакторы Серік Әбдібеков, "Эврика" газетінің дизайнері Дана Әлібаева, "Ақтөбе радиосының" бас есепшісі Тамара Большакованың есімдері аталды. Кәсіби мереке иелеріне алғыс хаттар табысталды, сый- сияпат жасалды. |
Количество показов: 2266
Дата создания: 28.06.2013 18:15:32