Қала әкімі Асхат Шахаровтың есеп беру жиыны өтті
Шаһар басшысы бүгінгі қорытынды есеп беру жиынын былтырғы тындырылған істерден бастады. Өткен жылы бюджет кірісі 46,6 миллиард теңгеге жетті. Жоспар 100,3 пайызға орындалды. Шығыс бөлігі 99 пайызға орындалған. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 550 миллиард теңге. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 236 миллиард теңге. 27 миллиард теңгеге 30 жаңа жоба жүзеге асып, соның арқасында 1700 ақтөбелік жұмысқа орналасқан. Биыл да осындай жұмыстар жалғасады.Халықтың әл ауқатын көтеру үшін бұл атқарылып жатқан жұмыстар маңызды. Ал қоғамдық көлік қатынасы, тұрмыстық қалдықтарды шығару секілді күнделікті күйбең тірлік қарапайым тұрғынның басты проблемасы. Шаһар басшысы былтыр пандемияға қарамастан жұмысын тұралатпай, шешімін тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Өйткені қазынаға түскен кіріс төмен емес. Биыл бұл қаражат бұрынғысынша әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Ал елді мекендерге жол төсеу уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл мәселе кезекпен шешіледі дейді қалабасы. Құрашасай, Жаңақоныс елді мекендеріндегі көшелерді қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халық қалаулыларына алғашқы есеп беру жиынын өткізген қала басшысы тұрғындар алдында негізгі кездесуін өткізеді.
Количество показов: 679
Дата создания: 01.02.2021 18:30:30