Қала әкімі 11-ықшам ауданды аралады
Бүгін қала әкімі Ерхан Омаров 2012 жылға жоспарланған бірқатар көшелердегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Ол үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге бөлінген. 11 ықшам аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, балалар алаңын салып беру мен көлік жолдарының құрылысын жаңалауға 300 млн теңге жұмсалуда. Бүгін әкім құрылысты аралап, тұрғындармен тілдесті. Әз-Наурыз көшесі тұрғындарының көпшілігі Ерхан Омаровқа жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтындығын жеткізіп те үлгерді. Қала әкімі Ерхан Омаров 11-ші мөлтек ауданды болашағы зор аудан деп атап өтті. Сондықтан алдағы жылдары Әз Наурыз көшесінде 2 млрд 228 млн теңгеге жол айрығы салынбақ. Ал биыл қаладағы 20 шақырым көлік жолы жөндеуден өтеді. Қазірге дейін оның 7 шақырымы, Тургенев көшесі мен Бейбітшілік даңғылындағы жұмыстар аяқталды. |
Количество показов: 3428
Дата создания: 02.08.2012 18:45:10