Қала бюджеті 5 млрд теңгеге ұлғайды
Ұлы жеңістің 68 жылдығы қарсаңында ақтөбелік ардагерлерге 50 мың теңгеден беріледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында мәлім болды. Халық қалаулылары бүгін 2013-2015 жылдарға арналған қала бюджетін талқылады. Сондай - ақ қалалық ономастикалық комиссия өз жұмысын түбегейлі тоқтатты. Қала бюджеті 5 млрд теңгеге ұлғайды. Ауқымды қаражат білім саласына, спорттық нысандар салуға және коммуналдық тұрғын үйлер құрылысына жұмсалады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында мәлім болды. Сондай - ақ 10 млн теңге халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиесілі. Осыған сай, жеңістің 68 жылдығы қарсаңында ақтөбелік ардагерлерге 50 мың теңгеден беріледі. Ақтөбедегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны бүгінгі таңда 250. Биыл "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша шараларды өткізуге қала бюджетінен 7 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Елді мекендерді жарықпен қамтамасыз етуге 140 млн теңге бөлінді. Ал қаладағы көлік жолдарын қалыпқа келтіру үшін 1 млрд теңге көлемінде қаржы көзделіп отыр. Республикалық бюджеттен трансферт есебінде түскен 29 млн теңге балабақшалар санын көбейтуге бағытталмақ. "Нұр Ақтөбе" ауданынан коммуналдық тұрғын үйлер салу үшін 1 млрд 564 млн теңге бөлінеді.
Енді жер, көше аттарын ауыстыру мәселелерін облыстық ономастикалық комиссия шешеді. 50 млн теңге көлемінде "Таза қала" ЖШС- нің арнаулы техникалары жаңартылады. 30 млн теңгеге Қурайлы ауылындағы мәдениет үйіне қажетті ғимарат сатып алынады. Сондай - ақ бюджет қаржысына екі субұрқақ жөнделмек.
|
Количество показов: 1938
Дата создания: 25.04.2013 18:59:46