Қала базарларында оқулық саудасы қызып тұр
Қала базарларында қарбалас. Оқулық саудасы қызып тұр. Арнаулы дүкендерден таппаған оқулықтардың бірқатарын ата - аналар базардан іздеп сабылып жүр. Сатушылардың айтуынша, сұраныс көп. Осыған сай "Атамұра", "Алматы кітап" баспаларынан 2012 жылы жарық көрген оқулықтарға жиі тапсырыс жасалуда. Биыл облыс бюджетінен жаңа оқулықтар алу үшін 43 млн 400 мың теңге қаражат жұмсалған. Оның 8 млн 160 мың теңгесіне барлық сыныптарға "Өзін - өзі тану" оқулығы сатып алыныпты. Демек барлық оқушыларға аталған оқулық тегін таратылуы тиіс. Ал қалада тұрмысы төмен, көп балалалы отбасы оқушылары, қамқорлықтағы балалар мен мүгедек жасөспірімдер қатары 3000-нан асады. Оларға тегін оқулық тиесілі. Арнаулы кітап дүкендерінде оқулықтардың бағасы 200-300 теңгеге арзандау. Бірақ, тұрғындардың пікірінше, неге екені белгісіз оқулықтар дүкен сөрелеріне кешіктіріліп жетеді. Ата - аналардың базарға асығатыны сондықтан. ҚР Білім және ғылым министрлігі алдағы екі жыл көлемінде оқулықтарды тегін тарату мәселесін түбегейлі шешпек. Алайда оқушысы бар отбасы иелерінің басым бөлігі жақсы жаңалықтың жүзеге асатындығына күмәнданады. |
Количество показов: 2760
Дата создания: 28.08.2012 19:09:46