Қала базарларында көкөніс бағасы әлі де қымбат
Қала базарларында сәбіз бен қызылшаның бағасы әлі түспей тұр. Олардың әр келісі 450-500 теңгеден сатылуда. Қазақстан сауда желілері одағының жүргізген зерттеулері бойынша, елімізде сұранысқа ие барлық көкөніс түрлері өсіріледі. Бағаның дәл осылай шарықтап кетуіне ешқандай себеп жоқ. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан биыл 360 тонна картопты өзге елдерге экспорттаған. Бұл өсірілген картоптың 19 пайызын құрайды екен. Соның салдарынан жергілікті тұрғындар шеттен әкелінетін қымбат картопқа ұрынып отыр. Ал, сәбіз бойынша өнім жетіспеушілігі барлық жерде байқалады. Оған егіс алқаптарының қысқаруы себеп болды», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде. Бақыт Сұлтанов тиісті қоймалардың болмауы сөрелердегі азық-түліктің қымбаттауына әкелетінін айтты. Қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшылары да Ақтөбеде өсірілген көкөністерді сақтауға әлі де арнайы қоймалар жеткіліксіз, дейді.
Биыл көктемде қала аумағындағы шаруа қожалықтары көкөніс егуді жылдағыдан 10 пайызға арттырған екен. Картоп , пияз , қияр мен қызанақтан өнім бұл маусымда молырақ болады деп күтілуде.
Количество показов: 685
Дата создания: 13.07.2021 19:13:55