Қала аумағында "Жолдағы қабылдау" акциясы басталды
Акция барысында жол сақшылары жүргізушілердің 20-ға жуық нақты сауалына жауап берді. Мәселен, бүгін Самара-Шымкент тас жолының 785-ші шақырымында жүргізушілер күннің суығына қарамастан қабылдауға арнайы тоқтап жатты. Олар әсіресе жол бойында жүргізушілердің бір-біріне түсіністік, сыйластық танытпайтынына, көлік тұрақтарындағы ұрлыққа, қыс мезгілінде жолдардың қардан тазартылып, көктайғақтың алдын алу жұмыстарының жасалмайтынына шағымданды. Тіпті кей жолаушылар кемпингтердің аздығына, сапалы қызмет көрсетпейтіндігіне арызданды.Жыл басынан бері республикалық маңызы бар тас жолдарда 7 ірі жол апаты орын алған. 4 ақтөбелік қаза болып, 12-сі түрлі дене жарақаттарын алған. Ақтөбе-Хромтау, Хромтау - Қарабұтақ жолы , Бөгетсай елді мекендері маңы қауіпті аумақ болып саналады. Жүргізушілер аса сақ болуы керек. Бүгінгі акцияда темір тұлпар тізгініндегі жүргізушілерге жолда абай болу қажеттігі ескертілді. Жылыну пункттері, кемпингтер мекенжайы көрсетілген жадынамалар таратылды.
Количество показов: 646
Дата создания: 17.02.2021 18:34:16