Алғашқы қоңырауға гүл шоғымен!
Ертеңгі 1-ші қыркүйек білім күніне дайындық қызу жүріп жатыр. Гүл салондарында сауда қызып тұр. Сыңғырлаған қоңырау үнін есту үшін оқушылар жаңадан сатып алған мектеп формаларын киіп, құлшына барады. Қолдарында әрине әр мерекенің символына айналған гүл шоғы болатыны анық. Иісі аңқыған әсем гүлдердің бір талының бағасы биыл - 500 бен 700 теңгенің аралығында. Гүлдер мереке жақындағанда жақсы өтеді. Оны сатушылар мойындап отыр. Орталық базар маңындағы салондарда гүлдің шоғы көркемдеуімен 1500 бен 2500 теңгеге шығады. Бірінші қыркүйек ұстаздардың бал-бұл жанып, шәкірттерінен ризашылық белгісі-гүл алатын ең негізгі мерекесі. |
Количество показов: 3038
Дата создания: 31.08.2012 19:06:47