Алқаби болу зейнеткерлер мен жұмыссыздарға лайық
Алқабилер тізімін қайта жасамай сот процесінде жағдай түзелмейді. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен дөңгелек үстел басында бұл мәселе жан - жақты көтерілді. Алқабилер құрамын жасамас бұрын жауапты органдар нені ескеруі тиіс? Сот өкілдері аталған тізімде қалуы тиіс алқаби мүшелерін жіпке тізгендей көрсетіп берді. Сот процесін алқабилердің қатысуымен өткізуді ұйымдастыруда көкейтесті қиындықтардың бар екендігін жасырмады ұйымдастырушылар. Дөңгелек үстел басында облыстық, қалалық, аудандық әкімдердің аппаратында ұйымдастыру жұмыстарымен айналысатын мамандарға сын айтылды бүгін. Қала бойынша алқабилер тізімінде 5 мың адам болса, басым бөлігі уақыт тауып адам тағдырын әділ шешуге араласа алмайды. "Сот процесіне алқабилер қатысуы туралы" заң 2007- жылы күшіне енді. Ал Ақтөбеде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осыдан екі жыл бұрын осы заң талабын сақтауға тырысып келеді. Алайда алқабилер тізімін жаңартпай іс оңға басар емес. Жергілікті атқарушы билік өкілдеріне жүктелген міндет тиісінше атқарылып жатқан жоқ. Бұл туралы шара барысында облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Мәдина Сисенова мәлімдеді. Қылмыстық істі қарайтын күннен бір апта бұрын ескертіледі тізімге іліккен тұрғын. Алайда оның мекен - жайын табу бір мәселе. Алқаби мүшесінің сот процесіне қатыса алмау себебін анықтау, оның бұрын сотталмағандығын, қылмыс иесімен туыстық қарым - қатынаста бар - жоғын анықтауға уақыт кетеді. Демек мұның бәрі тізім жасамас бұрын ескерілуі керек. Ақтөбе облыстық сотының судьясы Шапағат Әлнияздың айтуынша, алқаби болу ақыл-есі бүтін зейнеткерлер мен жұмыссыздарға лайықты жұмыс. Ал қалған мамандық иелері жұмыс берушіге тәуелді. Айлап жұмыстан сұранып сот процесіне қатысуға мүмкіндіктері жоқ. Жеке кәсіпкерлерді де осы тізімнен алып тастау ұсынылды. |
Количество показов: 2300
Дата создания: 13.06.2013 19:37:45