Абайлаңыз, пойыз!
Абайлаңыз- пойыз! Темір жолдың кез келген жерінен жүруге рұқсат жоқ. Айыппұл арқалайсыз. “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс шарасы 19-21 ақпан аралығында өтеді. Акция аясында желілік полиция қызметкерлері темір жол үстіндегі өткелдерден өтетін қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына, көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, мамандар темір жолға жақын орналасқан мектертерде оқушыларға темір жолдан өткенде өте сақ болуларын айтып, жол қауіпсіздігін түсіндіреді. Ол темір жолдан өтерде тек белгіленген жерден ғана өту, құлаққапты шешу, алды артына қарап, аса сақ болу.Жылдың басталғаны кеше ғана. Әйтсе де, темір жол торабында қайғылы жағдай тіркеліп, кісі қазасы тіркелді. Әйел адамды жүйіткіп келе жатқан пойыз қағып, мерт қылды. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұндай жағдай жылда қайталанады, дейді инспекторлар. Пойызды кенеттен тоқтату-қызыл шығынға әкеледі әрі жол қауіпсіздігі ережесіне қайшы. Жыл басталғалы пойыз машисі 1 рет жедел тежегішті басқан. Ал 2024 жылы 61 жедел тежегіш қолдану дерегі тіркелді. Оның 19-ы белгіленбеген жерден өту, 42 сі мал жаю қағидаларын бұзғандарға қатысты. 29 адамға ескерту берілсе, 7-не 64 110 теңгеге айыппұл салынған.Количество показов: 137
Дата создания: 19.02.2025 10:03:50