Абайлаңыз, кене!
Кене маусымы басталды. Көктем мезгілі мен күзге дейін кенеден тарайтын инфекциялар өрши түседі. Қазір тек табиғат аясында ғана емес, қала саябақтарынан де кенені кездестіруге болады. Сондықтан сырттан үйге кірген бойда үсті-басыңызды мұқият тексерген жөн. Кененің уы теріге тараса, салдары ауыр болуы мүмкін. Кей жағдайларда мүгедектікке ұшыратады,-дейді мамандар.Ақ халаттылардың айтуынша, жасыл желекке шыққанда аяғыңызға жабық аяқ киім, балағы ұзын шалбар және ұзын жеңді жиде және ақшыл немесе ашық түсті киім киген абзал. Егер денеңізге кене жабысқанын байқасаңыз, оны алып тастау оңай емес. Өзіндік ережесі бар. Міндетті түрде кенені денеден алып тастағаннан кейін, спиртпен орнын сүртіп алу керек,- дейді маман.Себебі кенеден қандай инфекция тарататынын білмейсіз. Өз сенімділігіңіз үшін дәрігерге жүгініп, кеңес алған жөн.
Количество показов: 441
Дата создания: 11.05.2024 06:14:35