Ақтөбеде газ тапшы
Әр айдың аяғында сұйылтылған газ қоры таусылып, көлік жүргізушілері қала кезіп, көгілдір отын іздеп сабылады. Темір тұлпар иелері болса әуе-сарсаңға түсуде. Кей авто газ бекеттерінде талонмен беріліп жатыр.ҚР Энергетика Министрлігі желтоқсан айына арнайылап өңіріміз үшін 13.061 тонна газ бөлген. Дегенмен, бүгінгі күні аталған көлемнің 11.800 тоннасы жеткізілген. Ал құзырлы органдардың айтары бір-қалада жағдай тұрақты. Қазір елімізде Атырау, Павлодар және Шымкентте орналасқан 3 мұнай өңдеу зауыты ғана бар. Оның үстіне олар жиі жөндеу жұмыстарына жабылады. Қазақстан газ қоры бойынша әлемде 22-орында тұр. Бірақ елде газ тапшы. Сарапшылар бұған өндіруші мен өндіріс көлемінің аздығы себеп болғанын айтады.
Количество показов: 135
Дата создания: 28.12.2024 11:02:43